"Отбасы сағаты" республикалық акциясы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің негізінде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Отбасы сағаты» республикалық акциясын өткізуді ұсынды.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстарымен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
Біздің мектебімізді "Отбасы сағаты" республикалық акциясы 7-сыныпта сынып сағаты ретінде өтті.