Зорлық зомбылықсыз балалық шақ
Баян жалпы орта білім беру мектебінде жоспарланған жосар бойынша «Зорлық зомбылықсыз-балалық шақ » тақырыбында іс шаралар өтті.
Мақсаты: оқушы өмірін қорғау, ата ана назарын өмірде жасалынып жатқан зомбылықтардан алдын алу,болдырмау.Назардан тыс қалдырмау. Балаға көңіл бөлу. Отбасылық сүйіспеншілікті нығайту.
Қазіргі кезде етек жайып бара жатқан проблеманың бірі болып отыр. Оны болдырмау біздің міндетіміз. Осыған орай мектебімізде «Бала өмірдің гүлі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Арнайы ата –аналар жиналысына аға участковый Садвакасов Кайрат Ганиевич шақыртылды. Ол өзінің арнайы лекциясын оқыды. Балалық шақта көрген қорлықтың азабын өскенде басқадан алатыны жайында айтылды. Бұл өскелең ұрпақтың болашағына балта шапқанмен бірдей екендігі түсіндірілді. Оқушыларға далада бөгде адамдармен қарым қатынасқа түсу –қауіпті екені айтылып түсіндірілді. «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбына орай оқушылар суреттер салды. Зорлық-зомбылыққа байланысты видеоролик көрсетілді.Ортаңғы буын сыныптар арасында эссе байқауы өтті.Флешмоб ұйымдастырылып онкүндік аяқталды. Алдағы уақытта бала өмірін қорғау жұмыстары өз жалғасын тапақ. Бала өмірдің гүлі,оны гүлдендіру біздің міндетіміз.