Рухани келісім
Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. 24 жыл бұрын Қазақстанда адамзат тарихында тұңғыш рет барлық дін өкілдері, қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері бас қосқан еді. Конгрестің 18 қазан күні өтуі кездейсоқтық емес. 1893 жылы Чикаго қ. (АҚШ) осындай съезді шақыру тылпынысы болған еді. Сол күні съездің қатысушылары 18 қазан күнін Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. Осы кезден бастап Қазақстанда 18 қазан күні Рухани келісім күні ретінде тойланады. Біздің елімізде 130 этнос пен 17 конфессия өкілдері өмір сүреді. Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін жасады – мұны халықаралық сарапшылар да мойындап отыр. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудағы қазақстандық жолды қазіргі кезде көптеген елдер зерттеуде. Өкінішке орай, қазіргі қоғам әлеуметтік, этностық және діни дау-дамайлар себебінен мемлекеттік және әлеуметтік құрылысты тұрақсыздандыруға жасырын ықпал ететін көптеген қауіптерге толы. Рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттық бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр. Қазақстан тұрақтылықты еуразиялық кеңістікте ғана сақтап қалуға тырыспайды, сонымын бірге, бүкіл әлем діндері өкілдерінің арасында жаһандық құрылымдық сұхбат құру бастамасын алға тартады.
Біздің мектебімізде рухани келісім күніне жоспар құрылып іс-шаралар атқарылды.Соның ішінде 5-сыныпта өткен сынып сағаты.
Біздің мектебімізде рухани келісім күніне жоспар құрылып іс-шаралар атқарылды.Соның ішінде 5-сыныпта өткен сынып сағаты.