Өзін-өзі басқару күні
Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Шығыс даналығы: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар. Істеуін көрсетіп берсең,үйреніп аламын»-деген екен.
«Ұстаз- мектеп жүрегі». Ұстаздық жолды таңдаған әрбір маман иесі бұл сөздің мағынасын тереңнені түсінетін анық. Ұстазына қарап мектептің қандай екенін білуге болды. Биылғы жылдағы дәстүрлі «Ұстаздар» мерекесі әдеттегіден өзгеше деңгейде өтті. Қазан айының төрті күні мектебімізде «өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды.10-11 сынып оқушылары бастауыш және орта буындарға мұғалімдердің орнына сабақ берді. Мұғалімдер 10 және 11 сынып қатарын толықтырып өздері оқушы болды.Оқушылар ұстаз болып, шеберліктерін байқата білді. Нәтижесі жаман емес. Әрбір оқушы өзіне тиесілі сабақтарға жоғары деңгейде дайындалып, өздеріне сабақ берген ұстаздарынан алған тәлім-тәрбиелерін іс жүзінде тамаша қолдана білді.
«Өзін-өзі басқару» күнінің ерекшелігі оқушылар тек сабақ өткізіп қана қоймай, сынып белсенділері мектеп әкімшілігінің ішкі жұмыстарына да араласып, өз шеберліктерін танытты. Бірі директор болып басшылықты қолына алса, бірі тәрбие жұмысының меңгерушісі болып, бір сәт болсын өздерін білікті маман ретінде көрсете білді.Сабақтар аяқталған соң оқушылар сапқа тұрып, ұстаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, мерекемен құттықтады.Мектеп оқушылары ұстаздарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Аталмыш мерекеде оқушылар тарапынан көрсетілген өнер-жиналған ұстаздар қауымының жүрегіне жол тапты. «Ұстаздар күні» мерекесінде ардагер ұстаздардың еңбектерін бағалап, құрмет көрсету мақсатында мектеп басшысы Сұрағанов Асқар Құрманғалиұлы сөз сөйлеп, сыйлықтармен марапаттады.
Барша ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, баулыған шәкірттеріңіздің жемісін көріп, жұмыстарыңыздың жемісін көре беріңіздер.