Білім күні!
Жыл сайын елімізде дәстүрлі Білім күні мерекесі аталып өтеді. Біздің мектеп те бұл күні барлық
оқушыларға есігін айқара ашып, оларды құшақ жая қарсы алды. Бұл күні мектебімізде 2017-2018 оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Мереке барыс мектеп туралы жүрек түбінен шыққан жылы лебіздерге толы болды. Салтанатты жиынды оқушылар мен мұғалімдерді Білім Күні мерекесімен құттықтау сөзімен мектеп директоры Сұрағанов А.Қ. ашты. Сондай-ақ, бұл іс-шараға Архангелка селолық округінің әкімі Шарипов С.А.да қатысып, бірінші сынып бүлдіршіндері мен он бірінші сынып түлектерін құттықтап өзінің ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар ата-аналар мен жиын қонақтары да бірінші сынып бүлдіршіндерін құттықтады.
Мектеп оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.Мереке тартымды,көтеріңкі көңіл күйде болып өтті. Оқушылар үшін барлығын сабаққа шақырған қоңырау сыңғыры соғылды.
Салтанатты жиыннан кейін барлық оқушылар «Мен өз елімнің патриотымын» атты бірыңғай сынып сағатына оралды.
Сынып сағатының мақсаты: өз елінің мақтанышы бола алатын тұлғаны қалыптастыруға ұмтылу,мемлекеттік рәміздерге, ұлттық дәстүрлеріне, өз елінің тарихына, мәдениетіне, Қазақстан Республикасының Ата Заңына құрметпен қарайтын ұрпақты тәрбиелеу.