"Көктем аруы - 2017" сайысы
Баян орта мектебінде 3 наурыз күні жоғарғы буын,яғни 8-11 сынып аралығында "Көктем аруы - 2017" атты қыздар сайысы өтті.
Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу - сайыстың мақсаты болып табылды.
Қатысушыларға мынадай талаптар қойылды:
1. «Мен қазақтың қызымын». Таныстыру
2. «Өнер өрге жетелейді» өнер сайысы. Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді, сахна мәдениеті, ән, би, күйлердің орындау мәнері бағаланады.
3. «Дәм думан» /дайындап келген тағамдарын көрермендерге жарнамалау/.
4. «Сұлулық сыры» /көктемгі сән үлгісі мен шаш үлгісін көрсету/ /үйлесімділік пен талғамы, тапқырлығы бағаланады./
5. «Жеті құпия» /ұлттық тағам мен киімге байланысты сұрақтар, сайыскердің ой - ұшқырлығы, білгірлігі бағаланады/.
Аруларымыз барлық талаптарды орындап әділқазы алқалары мен көрермендердің көңілінен шығуға тырысты.
Сайыстың нәтижесі бойынша "Білімді Ару" номинациясына Тухватуллина Гузель, "Өнерлі Ару" номинациясына Құрмаш Дариға, "Сәнғой Ару" номинациясына Сапарғали Сандуғаш ие болды.
"Көктем Аруы - 2017" атағына 10 сынып оқушысы Қазиқан Алтынай ие болды.Мадақтама мен сыйлықтар тапсыру рәсімі "Көктем Аруы - 2016" номинацияна ие болған Мурзалина Құндызай Азаматқызына берілді.