Елбасының жолдауы
Баян орта мектебінде 31 қаңтар күні өтілген ҚР Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Жолдауы талқылаудың кіріспе сөзі мектеп директоры Сұрағанов Асқар Құрманғалиұлына берілді.Өз сөзінде Елбасының халыққа жолдаған жолдауын талқылап өтті.
Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.
Елбасымыз негізгі үш міндетті ұсынып отыр.
1) Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз.
2)Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.
3)Еңбек нарығын жаңғырту.
Оқу ісінің меңгерушісі: Конысбаева А.С.
-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай,білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс.Оқыту бағдарламаларын сыни тұрғыдан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет екендігін мәлім етті.Үш тілде оқытуға кезек-кезекпен көшу керектігіне,қазақ тілінің басымдылығының сақталатындығына,2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытылатынын айта кетті.
Тарих пәнінің мұғалімі Қажимұратов А.Б.
-Елбасы мәлім өткендей,аса күрделі,қиын кезеңге аяқ бастық.Биылғы жолдау 5 негізгі басымдық бойынша жолданды.Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы,бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту,макроэкономикалық тұрақтылық,адами капитал сапасын жақсарту,сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігін атап өтті.Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болатынын,2015 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсынған болатын,өткен 2 жыл ішінде бұл бағдарламаның толық орынданғанын мәлім етті.Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру.Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізілді,Квази-мемлекеттік секторда,табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керектігін айта кетті.Діни экстремизмді насихаттаудың алдын-алу,кіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керектігін атап өтті.
2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді.Мынадай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.Алматыда Универсиада – 2017 спорт ойындары өтіп жатыр,оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.Осының барлығы Қазақстанныі халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.
Қазақстан – жас,көп ұлтты,болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет!Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік.Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шакабаева А.С.
-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жыл мерейтойының атап өтілуі үлкен мәртебе.Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуы тиіс.Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бұл – жаңа жаһандық болмақ,оны біз қабылдауға тиіспіз.
Қаулы:
Елбасымыздың Жолдауының талаптарын қолдай отырып,ұжым болып белсене жұмыс істелінсін.
Жиналыстың төрағасы: А.Қ.Сұрағанов
Жиналыстың хатшысы: Р.В.Ахметжанова
Қатысқандар саны – 50.