"Адал Ұрпақ"
Еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды.
Еріктілер клубының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Клуб жанында 3 секция жұмыс істейді. Мәселен, жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістер, дөңгелек үстел және басқа да ағарту шараларын ұйымдастыруға қатысса, ақпарат пен шығармашылық секциясы бейнероликтер мен сурет байқауын өткізуге ұйытқы болмақ. Ал мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы флеш-мобтар дайындап, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесулер өткізеді.
Баян орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды.Клуб қатарына 18 оқушы кірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру негізінде «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылды.
«Парасат азамат» мақсаты
Оқушыларды :
-Азаматтылыққа;
-Отансүйгіштікке;
-Адамның құқықтарына,бостандықтарына және міндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдерге,еңбексүйгіштікке;
-Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу
9-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз?» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді.(32 оқушы қамтылды)
1-11 сынып аралығында «Ар-ұят,абырой,жауапкершілік,адалдық,әділеттілік» атты сынып сағаттары өткізілді.Құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтың алдын алу мәдениетін,соның ішінде сыбайластық жемқорлық қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы әрбір сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді.(85 оқушы қамтылды)
Сонымен қатар 9-11 сынып аралығында «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікір талас өткізілді.Сынып екі топқа бөлінді.І топ: «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік», ІІ топ: «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» туралы талдады.(32 оқушы қамтылды)
«Адал ұрпақ» клуб мүшелерімен «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
1-4 сынып аралығында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» атты сурет байқауы өткізілді.
6-10 сынып аралығында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты пікір талас өткізілді.